О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года N 29 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және "Сот приставтары туралы" 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) жоғарыда аталған Жарлықтың 1-қосымшасында: "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты" деген жолда "131" цифры "164" цифрымен алмастырылсын; 2) жоғарыда аталған Жарлықтың 3-қосымшасында: "Аудандық және оларға теңестірілген соттар" деген жолда "6697" цифры "6664" цифрымен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Жарлықтан туындайтын шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.