О внесении дополнений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "Об утверждении Инструкции о порядке передачи пенсионных активов при расторжении договоров на инвестиционное управление пенсионными активами" от 22 октября 1999 года N 460 Күшін жойған
Басқа 0
"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 22 қазандағы N 460 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 (қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгiнiң үздiксiз есептелуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 22 қазандағы N 460 қаулысына ("Рынок және құқық", "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 9(11), 8-10-беттер) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 28 қазанда 955 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулыққа:
Тармақша 1
1) 4-тармақ мынадай мазмұнды 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 7-1
"7-1) Шартты бұзу күнiнiң алдындағы айлардағы Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң орташа құны туралы анықтамалардың Ұлттық комиссияға ұсынылған көшiрмелерi;";
Тармақша 2
2) 5-тармақ мынадай мазмұнды 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 13-1
"13-1) Шартты бұзу күнiнiң алдындағы күннiң соңына Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын есептеудiң нәтижелерi;".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн Ұлттық комиссия Төрағасының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитет Төрағасымен келiсiм бойынша шығарған бұйрығымен күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) кастодиан-банктердiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
қызметін реттеу жөніндегі
комитетімен
Келісілген
Комитет Төрағасы
2000 жылғы 16 қазан