О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 22 сентября 1999 года N 462-П "О таможенном оформлении товаров и транспортных средств, перемещаемых физическими лицами через пункты пропуска "Коргас", "Бахты", "Достык", "Майкапшагай", "Колжат", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 4 октября 1999 года N 918 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылы 4 қазанда N 918 болып Тіркелген "Қорғас", "Бахты", "Достық", "Майқапшағай", "Қолжат" өткізу пункттері арқылы жеке адамдар өткізетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 462-Ө бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы 2003 жылдың 2 сәуірінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі И.Н.Тасмағамбетовтың басшылығымен өткен 20-41/005-583 жиналыс Протоколының 6 тармағына сәйкес, сонымен қатар жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы Қытай Халық Республикасының аумағынан әкелетін тауарларға кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылы 4 қазанда N 918 болып тіркелген "Қорғас", "Бахты", "Достық", "Майқапшағай", "Қолжат" өткізу пункттері арқылы жеке адамдар өткізетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" 1999 жылғы Кеден жаршысында жарияланған, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 5 қарашадағы N 86 бұйрығымен енгізген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 462-Ө бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта: 1-абзац "Бахты" деген сөзден кейін "Қорғас", "Достық", "Қолжат" деген сөздермен толықтырылсын. 2-абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Ансарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Г.Е.Қойшыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына А.К. Ержановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.