О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 ноября 1999 года N 587 "Об утверждении "Правил проведения государственного технического осмотра автомототранспортных средств и прицепов к ним", зарегистрированный за N 990 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 3 желтоқсанда N 990 болып тiркелген "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелерді мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына (бұдан әрi - Бұйрық, нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Реестрiнде тiркелген нөмiрi 990, N 571 тiркелген нөмiрi 1349, N 787 тiркелген нөмiрi 1699, N 775 тiркелген нөмiрi 2092, N 722 тiркелген нөмiрi 2651 бұйрықтарымен енгiзiлген өзгерiстермен) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 2-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын: "2-1. Қазақстан Республикасының Iшкiісминi Жол полициясы департаментiнiң бастығы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерiн және оларды көлiк құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқау алдында диагностикалауға жiберудi қарау үшiн Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi өкiлдерiнiң қатысуымен (келiсуiмен), Қазақстан Республикасының Iшкiісминi Жол полициясы департаментiнiң аппараты қызметкерлерiнiң iшiнен жұмыс тобын құрсын"; көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген, автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiнде: 6-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) меншiк нысанына қарамастан автобустар, автомобиль-таксилер, адамдарды тасымалдау үшiн жабдықталған жүк автомобильдерi, сондай-ақ иелерi жеке кiсi тасумен айналысатын жеңiл автомобильдер - тоқсанына бiр рет"; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "5) мемлекеттiк техникалық байқау мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнген көлiк құралдары жол полициясында тiркелгеннен кейiн 30 тәулiк iшiнде".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. Келiсiлдi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар Министрi _________________________ 2004 жыл 15 қыркүйек Келiсiлдi Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлiгiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі Комитеттің төрағасы _________________________ 2004 жыл 15 қыркүйек