Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 1999 года N 620

Қаулы · № 857 · қабылданған 24.06.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-1999-n-620/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 1999 года N 620 Күшін жойған Қаулы ·№ 857 ·24.06.2001
19.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 1999 года N 620

Күшін жойған Қаулы ·№ 857 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 1999 года N 620
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
857
Қабылданған күні
24.06.2001
Көрсетілген редакция
19.04.2012 AI9288_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000857_
ЭКБ идентификаторы
9288
Редакция идентификаторы
AI9288_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:43

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 498 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1

1. "Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ережені, азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын және Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 20-21, 214-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ережеде:

2-тармақтың екінші абзацындағы "15)," және "16)," деген сандар алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Оралмандардың сот шешімі бойынша қалпына келтірілген азаматтық хал актілері жазбаларын тіркеу сот шешімі шығарылған орын бойынша жүргізіледі";

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелерде:

18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Екі айлық мерзім өткеннен кейін тууын тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша, аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі";
171-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту мынадай дәлелді себептер болған
кезде жүргізіледі:
1) тегінің, атының, әкесінің атының қолайсыз айтылуы;
2) тегінің, атының, әкесінің атының айтылу қиындығы;
3) егер некені тіркеу кезінде некеге дейінгі тегінде қалса, зайыбының
ерімен ортақ тегін алғысы келуі;
4) егер некені бұзу кезінде бұл туралы өтініш берілмесе, некеге
дейінгі тегін алғысы келуі;
5) кейінгі неке бұзылмайтын жағдайларда, бұрынғы некеден туған
балаларымен ортақ тегін алғысы келуі;
6) егер ері қайтыс болса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
7) егер ері қайтыс болса, ал өтініш беруші некеге дейінгі тегінде
болса, балаларымен ортақ тегін алғысы келуі;
8) өтініш беруші таңдаған ұлтқа сәйкес келетін немесе ата-аналарының
бірінің (ата-аналарының ұлттары әр түрлі болған кезде) тегін және/немесе
атын алғысы келуі;
9) өмірде шын мәнісінде қалыптасқан, құжаттағы атынан өзгеше атты
алғысы келуі;
10) егер некеге тұрған кезде ерінің тегі қабылданған болса, некеге
дейінгі тегін алғысы келуі;
11) ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының аты бойынша тегін
алғысы келуі.";
173-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын өзгерту себептерін
түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған егжей-тегжейлі өмірбаяны";
178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажет болған кезде АХАЖ органы өтініш берушіден және тиісті
мекемелерден қосымша мәліметтер немесе құжаттарды талап етеді және алынған
материалдар негізінде өтініштің мазмұны, тегін, атын, әкесінің атын
өзгертудің негізділігі айтылатын қорытынды жасайды. Қорытынды екі данада
жасалады және барлық материалдармен бірге аумақтық әділет органына бекіту
үшін жіберіледі".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы