О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 "Об утверждении Правил регистрации залога движимого имущества" Қолданыста
Басқа 0
"Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін, нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылы 27 қыркүйекте N 913 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы ережеде:
15-тармақта "(кепіл құралы туралы мәліметтер);" деген сөздерден кейін "кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;" деген сөздермен толықтырылсын;
N 2 нысанда "кепілге салынған мүліктің бағасы" деген сөздер "кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.