О внесении изменений и дополнений в "Правила регистрации залога движимого имущества", утвержденные Приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің Бұйрығымен бекітілген 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу Ережесіне" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254 "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-1 "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкестендіру мақсатында, бұйырамын: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығымен бекітілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу Ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Ережелер жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі мен жүргізу процедурасын белгілейді және заңдарға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады".
Тармақ 2
2. 1 бөлім 1-1 тармағымен мынадай редакцияда толықтырылсын: "Осы Ережелер қызметі міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуде, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес басқа органдармен немесе өзге тәртіпте жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу кезінде таралмайды".
Тармақ 3
3. 2-бөлім алып тасталсын.
Тармақ 4
4. 5-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 5
5. 6-тармақта: "меншік" деген сөз алып тасталсын.
Тармақ 6
6. 5-бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Объектілер және тіркеу орны".
Тармақ 7
7. 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Әділет министрлігі тіркеу органдарының жылжымалы мүлік кепілін тіркеу реестріндегі тіркеу объектісі, кепілі заң актілеріне сәйкес өзге тәртіпте жүргізілетін (тіркелетін), міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерінен басқа, осы Ережелермен бекітілген, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілі болып табылады.".
Тармақ 8
8. 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Ережелермен белгіленген тәртіпте тіркелетін жылжымалы мүлік кепілі:
Тармақша 1
1) Кепіл жөнінде шарт жасасқан жақ талабы немесе кепіл жағдайы көрсетілген өзге шарт бойынша;
Тармақша 2
2) Егерде кепіл жөнінде шарт немесе кепіл жағдайы көрсетілген өзге шарт бойынша кепілдікте тұрған мүлікті келесі кепілге беруге (қайта кепілдікке) беруге тыйым салынған болса тіркеледі. Осы Ережелермен бекітілген тәртіпте тіркелетін жылжымалы мүлік кепілін тіркеу:
Тармақша 1
1) Кепіл беруші заңды тұлға болған жағдайда, заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша;
Тармақша 2
2) Егерде кепіл беруші жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. 11-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 10
10. 18-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 11
11. 24-тармақта: тармақшалар араб саны және жақшамен белгіленсін.