О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 «Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы №14 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) мынадай өзгертулер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілен бұйрықпен бекітілген Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап өтініш қабылданған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;
www.egov.kz порталында немесе екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілері мемлекеттік қызмет тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне құжаттар келіп түскен бастап 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.».
12-тармақ бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Көрсетілетін қызметті беруші тіркеуге берілген өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексеруді жүзеге асырады.».
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік телнұсқасын алу туралы өтінішті ұсынады.».
көрсетілген Нұсқаулықта 1, 2, 3, 9 және 10 қосымшалар осы бұйрықтың 1,2,3,4 және 5 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 695 Бұйрыққа
1 қосымша
Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік қызметтің атауы
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
2
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
3
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса ):
1. Кепілді тіркеу (мемлекеттік тіркеу куәлігі)
2. Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу (қайта кепіл)
3. Талаптарды беруді тіркеу
4. Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу, сауда-саттықты өткізу туралы тіркеу
5. Кепілді тоқтатуды тіркеу
6. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру
4
Мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін тәсілдері
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы / «цифрлық үкімет» веб-порталы екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілері арқылы:
1. Кепілді тіркеу (мемлекеттік тіркеу куәлігі)
2. Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу (қайта кепіл)
3. Талаптарды беруді тіркеу
4. Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу, сауда-саттықты өткізу туралы тіркеу
5. Кепілді тоқтатуды тіркеу.
6. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру
5
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан бастап:
мемлекеттік қызмет өтініш қабылданғаннан бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) «цифрлық үкімет» порталында:
www.egov.kz. мемлекеттік қызмет тіркеуші органның цифрлық жүйесіне құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
6
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара цифрландырылған) / қағаз түрінде:
7
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште:
- міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік, кепілді тоқтату Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
- берілетін куәліктерге қатысты жоғалғанның орнына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы;
2) www.egov.kz порталы арқылы электрондық форматта:
жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын кепілді тоқтату туралы хабарлама немесе Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны –электрондық және қағаз бетінде.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алудың тәсілдері
Тегін
9
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
1) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
3) порталда/цифрлық объектілері жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс уақыты, жексенбі және мереке күндері аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің кіші түрлеріне құжаттар тізбесі:
- заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі);
көрсетілетін қызметті берушіге:
1. Кепілді тіркеу (мемлекеттік тіркеу куәлігі):
1) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
2. Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу (қайта кепіл):
1) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
3. Талаптарды беруді тіркеу
1) құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді тіркеу туралы өтініш: (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
4. Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу, сауда-саттықты өткізу туралы тіркеу
1) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
5. Кепілді тоқтатуды тіркеу
1) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдің тоқтатылуын тіркеу туралы өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
6. Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алып, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш;
Мемлекеттік цифрлық жүйелердегі жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді қызметкер тиісті цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.
2) www порталы арқылы. egov. kz / барлық кіші түрлері бойынша цифрлық объектілері:
осы Нұсқаулыққа 2, 9, 10-қосымшаға сәйкес тиісті нысандағы өтініш (сұрау салу);
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында;
11
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) кепілді тіркеу туралы өтініштің «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) өтінішті тиісті тұлғаның бермеуі;
12
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жүзеге асыру, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану мүмкіндігі немесе қабілетінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті беруші тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.gov.kz.
Көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда ЭЦҚ болған немесе бір реттік пароль пайдаланылған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады.
Сандық құжаттар қызметі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде рұқсат етілген пайдаланушылар үшін қол жетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі «цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет.
Басқа 2. ____________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы)
Бұйрыққа 2 қосымша
Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтн жылжымалы
мүлік кепілін тіркеу
туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
нысан
____________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы)
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы
өтініш № ______
Кепіл беруші __________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә.(болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә),
тұрғылықты жері, ЖСН, туған күні және жылы)
___________________________________________________________ (Заңды тұлғаның
орналасқан жері, атауы және БСН)
__________________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат: түрі _________ сериясы _____№ ______
_____________ жылы ___________________________________________ берген
(құжатты берген органның атауы
Пошталық мекенжайы, телефоны ________________________________________
___________________________________________________ атынан әрекет ететін
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
_____________________________________________________________негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы ________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған күні мен жылы, ЖСН,
немесе заңды тұлғаның атауы мен БСН)
_____________________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат: түрі _________ сериясы _________ № ______
_____ жылы___________________________________________________ берген (құжатты
берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны ___________________________
_______________________________________________________________
___________________________________________________ атынан әрекет ететін
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
_____________________________________________________ негізінде (өкілеттігін
куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуді сұраймын: ____________________
Шартты жасасқан күн _______________________________________
Шартты жасасқан орын _______________________________________________
Кепіл нысанасы туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің тізбесі мен сипаттамасы)
______________________________________________________________Кепілмен
қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы _____________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданыс мерзімі ______________
Кепілге қойылған мүлік:
кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының ____ иелігінде және пайдалануында
қалады.
Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)
Қайта кепілге қою туралы мәліметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз).
Өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы ___________
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
1. __________________________________________________
2. ___________________________________________________
Өтініш берілген күн: 20__ ж. ______________
Өтініш қабылданған күн: 20__ ж. ______________
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ____________________________________
Уақыты: __________________ сағат _____________ минут.
Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
20__жылғы _______________ «___»________
(қолы)
Ескертпе: Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ «___» ________ 20__ ж.
(қолы)
Басқа 3. ___________________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы)
Бұйрыққа 3 қосымша
Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
3-қосымша
Нысан
___________________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы)
20___ ж. «___» ________ № ______ өтініш бойынша құжаттардың болуына қолхат
Уақыты: _____________ сағ.____________ мин.
Қабылданған құжаттар тізбесі (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді):
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Қабылдаған:_______________________ Өтінішті орындау күні ___________
Мемлекеттік корпорацияның өтініштерді қабылдау жөніндегі қызметкерінің Т.А.Ә.
(ол болған кезде) және қолы
20____ ж. _____________
Басқа 4. ________________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы)
Бұйрыққа 4 қосымша
Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
9-қосымша
нысан
________________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы)
Өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы № ________________ өтініш
Кепіл ұстаушы ________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә.(ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә),
туған күні мен жылы, ЖСН немесе заңды тұлғаның атауы мен БСН)
Жеке басты куәландыратын құжат: түрі ________________ сериясы ___________
______________________________ берген, берілген күні ___________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны _______________________________________
_____________________________________________________________
__________________________________________________
атынан әрекет ететін (уәкілетті өкілдің деректемелері)
_______________________________________________________________
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
негізінде ____________________________________________________________
Кепілдің өзгеруін және/немесе толықтыруын немесе тоқтатуын тіркеуді сұраймын:
____________________________________________________________________
Шартты жасасқан күн _________________________________________________
Шартты жасасқан орын ________________________________________________
Кепіл нысанасы туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы) ________
____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы _____________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданылу мерзімі _____________
Кепілге қойылған мүлік:
кепіл берушінің ___________ кепіл ұстаушының ______________ иелігінде және
пайдалануында қалады.
Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)
Қайта кепілге қою туралы мәліметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз).
Өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы (болған кезде) _______
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
1. ____________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
Өтініш берілген күн: 20__ ж.__________________
Өтініш қабылданған күн: 20__ ж.______________
Өтініш берушінің қолы: ________________________________________________
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ___________________________________________
Уақыты: __________________ сағат _____________ минут.
Ескертпе: Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ «___» ________ 20__ ж.
(қолы)
Басқа 5. ______________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы )
Бұйрыққа 5 қосымша
Міндетті мемлекеттік
тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
10-қосымша
нысан
______________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы )
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы № _______ өтініш
Мен, _____________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә)
_____________________________________________________________(жеке тұлғаның
паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және тұратын жері)
__________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
____________________________________________________________ негізінде
(өкілеттіктерді куәландыратын құжаттың деректемелері)
__________________________________________________ атынан әрекет ететін
(заңды тұлғаның атауы мен деректемелері)
________________________________________________________________
(уәкілетті өкіл толтырады)
________________________________________________________________
_________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе кепіл берушінің заңды тұлғасының атауы)
жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын:
Жылжымалы мүлік объектісінің түрі _____________________________________
(кепіл беруші бойынша деректер болған кезде толтырылады)
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1.________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
2. Өкілеттікті растайтын құжат № ________________________________________
Күні ___________/__________________/_________________________________/
(өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә)
_______________________________________________________________ (өтінішті
қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә. және қолы)
Өтініш берілген күн: 20____ж. «____»_____________
Уақыты:__________сағ.________мин.
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі: ______________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілді: күні: ___ж.______________