О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года № 29 и признании утратившими силу некоторых распоряжений Президента Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылған деп тану туралы
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 1, 2-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақтағы "1 және 2" деген сандар "1-3" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын:
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарының штат санын қысқарту туралы" 1996 жылғы 7 желтоқсандағы N 3261 N963261_ өкімі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 желтоқсандағы N 3261 өкіміне өзгеріс енгізу туралы" 1997 жылғы 1 шілдедегі N 3576 N973576_ өкімі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 желтоқсандағы N 3261 өкіміне өзгеріс енгізу туралы" 1998 жылғы 8 мамырдағы N 3948 N983948_ өкімі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 желтоқсандағы N 3261 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 11 шілдедегі N 4011 N984011_ өкімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі Жарлығына қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына N 3-қосымша Қазақстан Республикасы соттарының штат саны Облыстық соттар 1491 Аудандық соттар 5339 Әскери соттар 185