О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 1999 г. № 457 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 1998 года № 840" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 457 Қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 25 сәуірдегі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" № 2235 Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ведомстволары, № 6, 43-бап) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 457 қаулысын орындауда облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыс Әкімінің 1998 жылғы 8 желтоқсандағы № 12-330 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
- шешімнің мәтініндегі "(жұмыстар, қызмет көрсетулер)" сөздері алынып тасталсын;
- шешімнің № 2 қосымшасы күшін жойған болып есептелсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысының базарларында товар сату құқығы үшін алымның мөлшері бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалар әкімдері аумақтық салық органдарымен, жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетпен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірге 1999 жылдың 1 маусымына дейін облыс базарларында түгендеу жүргізсін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің ұсынған әдістемесіне сәйкес базарларда товар сату құқығы үшін алымның мөлшерін бір сауда күніндегі бір шаршы метр сауда алаңы үшін есебімен белгілесін (№ 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Алматы облысы бойынша салық комитеті (Л.Қ. Нұрбекова) әрбір базар бойынша товар сату құқығы үшін түскен алымның ай сайынғы болжамын айқындасын және бекітсін, "базарларда товар сату құқығы үшін" алымның толық түсуіне және дер кезінде аударылуына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 5
5. Алматы облыстық сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметін үйлестіру мен бақылау жөніндегі бөлім (Қ.Р. Ғалиева), санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (А.К. Талқымбаев) базарларда сауда жасау тәртібінің сақталуына және оларға қойылатын санитарлық талаптарға қатаң бақылау орнатсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа, облыс Әкімінің орынбасары А.К. Кәрімоллинге жүктелсін.
Басқа 7
Алматы облысы Әкімінің
1999 ж. 25 мамырдағы № 5-161
шешіміне № 1 қосымша
Алматы облысының базарларында товар сату
құқығы үшін алымның мөлшері
әрбір күнге базар алаңының
бір шаршы метрі есебімен,
теңге
Базарды
мамандандыру
Базар санаты
І
ІІ
ІІІ
Азық-түлік
24
20
16
Киім-кешек
20
18
14
Автомобиль
16
14
12
Мал-жемшөп
14
12
10
Басқа 8
Алматы облысы Әкімінің
1999 ж. 25 мамырдағы № 5-161
шешіміне № 2 қосымша
Базарларда товар сату құқығы үшін алым сомасын
бір сауда күнінде бір шаршы метр сауда алаңы
үшін есебімен анықтаудың ұсынбалы әдісі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 22 сәуірдегі № 457 қаулысын және ҚР МКМ (МРГ) 1999 ж. 29 сәуірдегі № 292 Бұйрығын жүзеге асыру мақсатында төмендегі жұмыстарды орындай отырып жүргізілетін алым сомасын анықтаудың мына әдісін ұсынамыз (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 6 мамырдағы № ДНП-1-14/2470 хаты):
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджетке төлем түсетінін ескере отырып, әкімшіліктермен бірге осы төлем бойынша алдын ала болжанған соманы анықтау үшін комиссия құру.
Тармақ 2
2. Базарларда алымды есептеу және жинау кезінде базар сауда алаңының нақты шаршы метрін алу қажет.
Тармақ 3
3. Сауда алаңы төмендегілерден тұрады:
- сауда орындарының, сауда қатарларының арасынан өтетін жерлердегі алаңдар;
- сауда орындары мен базарларға қарайтын, бірақ одан шет орналасқан сауда қатарларының немесе жалға алынған базарлардың алаңы;
- төбесі жабылған павильондар алаңы.
Тармақ 4
4. 2 тармаққа сай алымның мөлшеріне, түгендеу жүргізілгеннен кейін бекітілген жер актісінің негізінде және базарлардың категориясына қарай, нақты сауда алаңының аумағы кіреді.
Тармақ 5
5. Базардың мамандануына қарай:
- Азық-түлік;
- киім-кешек;
- автомобиль;
- мал-жемшөп сауда орындарына тексеру жүргізу.
Тармақ 6
6. Түгендеу қорытындысы бойынша, жер актісіне сай, мамандануы мен түрлерін (басқа да анықтаулар болуы мүмкін) көрсете отырып, әрбір базар бойынша карта жасау:
- жайма сауда;
- қолдан сататын заттар саудасы;
- машина үстіндегі сауда және б.
Тармақ 7
7. Сауда орындары* мен қосалқы алаңдар* арасындағы градацияны анықтау. Бұл жағдайда қосалқы алаң әрбір базар бойынша, сауда қатарларының түрлері мен мамандануына қарай жеке-жеке әрбір сауда орны үшін теңдей бөлінеді.
* Сауда орны - сауда жасайтын азаматтардың алып отырған алаңы.
* Қосалқы алаң - сауда қатарларының арасындағы өтетін жер, сауда алаңы аумағына тең бөлініп кіргізіледі. (2 тармақты қараңыз)
Мысалы: "Әсем" базары,
Тармақша а
а) жайма сауда - сауда жасайтын бір адамға келетін сауда орнының алаңы - 5 шаршы метр, теңдей бөлінген кездегі қосалқы алаң - 3 шаршы метр, осыған сәйкес сауда алаңы - 8 шаршы метр;
Тармақша б
б) қолдан сататын заттар саудасы - сауда жасайтын бір адамға келетін сауда орнының алаңы - 2 ш. метр, қосалқы алаң - 3 ш. метр, сауда алаңы - 5 ш.м. және б.
Тармақ 8
8. Түгендеу кезінде базарға қарайтын, бірақ базар аумағының шет орналасқан немесе басқа субъектілерден жалға алынғаннан сауда қатарларының есепке кірмей қалмауын бақылау қажет.
Тармақ 9
9. Жүргізілген тексерудің негізінде мамандануына қарай:
- азық-түлік;
- киім-кешек;
- автомобиль;
- мал-жемшөп саудасын жасайтын азаматтардың орташа санын анықтау.
Тармақ 10
10. Базарларда сауда жасау құқығына алымның күнделікті сомасын анықтап отыру қажет.
Мысалы: 1) "Әсем" базары (2 санат)
Тармақша а
а) Барлығы - 30000 ш.м., оның ішінде 10000 ш.м. азық-түлік, 20000 ш.м. киім-кешек;
Тармақша б
б) 1 ш.м.-ге алымның мөлшері:
- азық-түлік - 20 теңге;
- киім-кешек - 18 теңге.
Тармақша в
в) Алымның сомасы, барлығы - 560000 теңге, оның ішінде:
- азық-түлік - 200000 теңге;
- киім-кешек - 360000 теңге.
Тармақ 2
2. "Орбита" базары (3 санат)
Тармақша а
а) Барлық базар алаңы - 10000 ш.м., оның ішінде азық-түлік 10000 ш.м.;
Тармақша б
б) 1 ш.м.-ге алымның мөлшері:
- азық-түлік - 16 теңге;
Тармақша в
в) барлық алым сомасы - 160000 теңге.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымның төленуі мен мөлшері туралы Ереженің 8 тармағына сай, базар әкімшілігі алым жинауды жүзеге асырады, алым сомасының толық түсуі мен дер кезінде аударылуы үшін жауапкершілікте болады.