О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 ноября 1999 года № 587 "Об утверждении Правил проведения государственного технического осмотра автомототранспортных средств и прицепов к ним", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за № 990. Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылы 3 желтоқсанда 990 нөмiрмен тiркелген) Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында бұйырамын :
Тармақ 1
1. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына (бұдан әрi мәтiн бойынша - Бұйрық) (тiркелген нөмiрi 990) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Бұйрықта: 2-тармақтың 6-шы тармақшасындағы "Жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "жоғары дайындығы бар жол полициясы қызметкерлерiнiң iшiнен" деген сөздермен, "ұсыныс енгiзiлсiн" деген сөздер "жұмыс тобы құрылсын" деген сөздермен ауыстырылсын; Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген, автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқаудан жүргiзудiң Тәртiбiнде: 9-тармақтың 3 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшем аспаптары, олардың жарамдылығы, метрологиялық аттестациядан өту уақыты мен кезеңдерi, соңғы тексерiлген уақыты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты (ҚР СТ 1086-2003) "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық диагностикалау. Жұмыс жүргiзу технологиясына жалпы техникалық талаптар." талаптарына сәйкес болуы керек"; мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын: "9-1. Транспорт құралдарының техникалық жағдайын мемлекеттiк техникалық байқаудың алдында диагностикалау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты (ҚР СТ 1086-2003) "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық диагностикалау. Жұмыс жүргiзу технологиясына жалпы техникалық талаптар." талаптарына сәйкес жүзеге асырылады"; 41 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мiндеттi мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастан қолдануға енгiзiледi.