О внесении дополнения в приказ МВД Республики Казахстан от 22 ноября 1999 года № 587 "Об утверждении Правил проведения государственного технического осмотра автотранспортных средств и прицепов к ним" Күшін жойған
Басқа 0
"Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрлігінің 08.06.2006 № 263 (ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiнде,
9-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: "сондай-ақ көлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық байқау алдындағы техникалық жағдайын диагностикалық үшiн алынатын ақының ең төменгi мөлшерi".
Тармақ 2
2. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Iшкіісминнiң Жол полициясы департаментi (Қ.Т. Тоқсаитов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен тiркеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтардың орындалуын бақылау Iшкi iстер вице-министрi полиция генерал-майоры И.И. Оттоға жүктелсiн.