О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 1999 года № 620
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 1999 года № 620
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 520
- Қабылданған күні
- 02.06.2003
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2012 AI15635_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000520_
- ЭКБ идентификаторы
- 15635
- Редакция идентификаторы
- AI15635_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:17
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1
1. "Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы ереженi, азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарының нысандарын және осы кiтаптардағы жазбалардың негiзінде берiлетiн куәлiктердiң нысандарын және Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 20-21, 214-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы ережеде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қалпына келтiрiлген азаматтық хал актiсiнің жазбасын тiркеудi жазба жоғалған жер бойынша АХАЖ органдары жүргiзедi. Жоғалған жазба сот тәртiбiмен қалпына келтiрiлген жағдайда, актiнiң қалпына келтiрілген жазбасын тiркеу сот шешiмi шығарылған жер бойынша жүргiзiледi.
Азаматтық хал актiсiн қалпына келтiру туралы жазба күнделiктi тiркеу кiтабында, ал туу туралы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеу туу туралы қалпына келтiрiлген актiлердi тiркеу кiтабында жүргiзiледi.";
2 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тiркеу тәртібi туралы ережелерде:
171-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) өтiнiш берушiнi шын мәнiсiнде тәрбиелеген адамның тегi және аты бойынша тегі мен әкесінің атын алғысы келуі.";
179-тармақтың үшiншi абзацындағы мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi "үш" деген сөз "бiр" деген сөзбен ауыстырылсын;
216-тармақтың үшiншi абзацы ", ерекше жағдайларда, жеке басын куәландыратын құжат алмаған 16 жастан асқан, бiрақ 18 жасқа толмаған балаларға ата-аналарының бiреуiнiң не қорғаншысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қайтадан куәлiктер берiледi".