О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2000 года N 1428 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 461-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:
6-тармақтың төртiншi абзацындағы "PMК "Қазақстан темiр жолы"" деген сөздер "тасымалдаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың 3) тармақшасында:
"купе вагонының" деген сөздерден кейiн "(жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
"рұқсатымен" деген сөзден кейін "жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (УВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарының тарифтері бойынша темiр жол көлiгiмен және" деген сөздермен толықтырылысын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.