О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2000 года N 1428 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде: 1-тармақтың бiрiншi абзацы "орындау үшiн" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану" деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақта: 1) тармақшадағы "айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызы" деген сөздер "бiр айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшада: "депутаттары үшiн" деген сөздер "депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын; "және Алматы" деген сөздер ", Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр" деген сөздермен ауыстырылсын; "жетi есе", "төрт есе", "үш есе" және "екi есе" деген сөздер тиiсiнше "он есе", "бес есе" "төрт есе" және "үш есе" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.