О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2000 года № 1428 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: тақырыбы "қызметкерлерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде: тақырыбы "қызметкерлерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының" деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында: "мемлекеттік мекемелердің басшылары мен басшыларының орынбасарлары" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары" деген сөздермен толықтырылсын; "бес есе" деген сөздер "жеті есе" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.