О внесении изменении в решение акима области от 22 февраля 2000 года № 357 "Об утверждении Правил передачи в собственность субъектам малого предпринимательства неиспользуемых помещений и объектов" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 22 ақпандағы № 357 "Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне пайдаланылмай тұрған жайлар мен объектілерді беру Ережесін бекіту" туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысы С.Қалмұрзаевпен бекітілген 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 12-6/71 Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 22-23 желтоқсанындағы Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде тапсырған тапсырмаларын іске асыру шараларын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2000 жылғы 22 ақпандағы N 357 шешімімен бекітілген "Өндірістік қызмет ұйымдастыру және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік үлесі бар ұйымдардың пайдаланылмай тұрған жайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беру Ережелеріне" мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақтағы "өткізілген тендер бойынша" деген сөздері алынсын;
Тармақша 2
2) 7-тармақтың 2 тармақшасындағы "және объектіні тендерге шығару" деген сөздері алынсын;
Тармақша 3
3) 8-тармақтың 2 тармақшасындағы "және объектіні тендерге шығару" деген сөздері алынсын;
Тармақша 4
4) 10-тармақтағы "және қайтадан тендерге шығарылады" деген сөздері алынсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.Каримовке жүктелсін.