О внесении изменений и дополнений в приказ Министра государственных доходов Республики Казахстан от 22 февраля 2001 года N 206 "Об утверждении Перечня товаров (работ, услуг), сделки по которым подлежат мониторингу" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 "Мониторинг өткізуге жатқызылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жасалған мәмілелер Тізімін бекіту" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 11.08.2003 № 325, ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 13.08.2003 № 386 бірлескен бұйрығымен.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 22 ақпанындағы N 206 "Мониторинг өткізуге жатқызылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жасалған мәмілелер Тізімін бекіту" бұйрығына төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мониторинг өткізуге жатқызылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жасалған мәмілелер Тізімінде:
Тармақша 1
1) 7 жол мынадай редакцияда жазылсын: "7. Кен және концентраттар Темір 2601 Марганец 2602 Хром 2610 Қорғасын 2607 Цинк 2608";
Тармақша 2
2) 2, 3 бағандардың атауы "жұмыстар, қызметтер" сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 11 жолмен толықтырылып және мынадай редакцияда жазылсын: "11. /Жұмыстар, қызметтер/ жоғарыда көрсетілген, тауарлардың экспорты мен импортымен байланысты жұмыстар, қызметтер/".
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін Электрондық мониторинг департаменті (Е.Б. Мұқай) қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2001 жылғы 1 қаңтарынан күшіне енеді.