у.с. - приказом Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 22 января 2001 года N 22 ~V011445 Порядок классификации товаров в соответствии с ТН ВЭД Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
СЭҚ ТН-а сәйкес тауарларды жiктеу туралы Кеден органдарының Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлар номенклатурасына сәйкес тауарларды жiктеу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. СЭҚ ТН-а сәйкес тауарларды жiктеу тәртiбi (1 қосымша) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Тәртiпке (N 1, 2 қосымша) тiзбелерде бекiтiлген тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде жiктеу шешiмiн ұсыну мiндеттi болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықпен белгiленген тәртiппен мiндеттi жiктеу шешiмдерiн қабылдаудың тәртiбi қолданылатын тауарларға қатысты олардың тiзбелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кедендiк бақылауды жүргiзу практикасын талдау мен жалпылап қорытуды ескерiп Кеден кiрiстерi басқармасы жүзеге асыратын болып белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 5 қаңтардағы N 140-12/45 нұсқауының күшi жойылған болып есептелсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Баспасөз қызметi осы бұйрықтың ережелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 6
6. Кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары осы бұйрықты алған кезде оның ережелерiнiң барлық мүдделi адамдарға жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау ҚР КК Төрағасының Бiрiншi орынбасары В.Кирдановқа жүктелсiн.
Тармақ 8
8. Осы бұйрық ол баспасөзде жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Басқа 9. СЭҚ ТН-а сәйкес тауарларды жiктеу тәртiбi
Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 11 желтоқсандағы N 243-П бұйрығымен Бекiтiлген СЭҚ ТН-а сәйкес тауарларды жiктеу тәртiбi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. СЭҚ ТН кодтарына сәйкес тауарларды жiктеудi осы тауарларды кедендiк ресiмдеу қызмет аймағында жүргiзiлетiн Кеден кiрiстерi басқармасы мен кеден басқармалары және кедендердiң кеден төлемдерi бөлiмдерi жүзеге асырады.
Тармақ 1.2
1.2. Тауарларды жiктеу төмендегiдей негiзгi принциптер бойынша жүргiзiледi: - шикiзат пен тауардың функциясы; - арнайы жiктеу мәселелерiн шешуге қызмет ететiн секциялар мен бөлiмдерге Үйлестiрiлген жүйенi түсiндiрудiң негiзгi ережелерiн қолдана отырып өңдеудiң дәрежесi.
Тармақ 1.3
1.3. Тауарларды жiктеу тауардың техникалық төлқұжаттарының, сипаттамаларының, суреттердiң, сызбалардың, коммерциялық және өзге де құжаттардың, сонымен бiрге кез келген осындай шешiмдi қабылдауға қажеттi басқа мәлiметтердiң, оның iшiнде тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн берудiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 1.4
1.4. Материалтанымдық немесе тауартанымдық сараптаманы өткiзу қажеттiлiгi туындаған жағдайда Кеден кiрiстерi басқармасы мен кеден төлемдерi бөлiмдерi Орталық кеден зертханасына немесе тиiстi кеден басқармаларындағы құрылымдық бөлiмшелерге, сондай-ақ тауарларға тәуелсiз сараптаманы жүзеге асыратын басқа ұйымдарға қайырылуға құқылы. Сараптаманы жүргiзудiң мерзiмi сұрау салу жiберiлген күннен бастап 5 жұмыс күнiнен аспауы керек.
Тармақ 1.5
1.5. Сараптамасы жүргiзiлген тауарлар бойынша (1.4.-т) жiктеу шешiмi Тауарды зерттеудiң нәтижелерi туралы актi ескерiлiп қабылданады.
Тармақ 2. 2. Тауарлардың жеке түрлерi бойынша мiндеттi жiктеу шешiмдерiн қабылдау
2. Тауарлардың жеке түрлерi бойынша мiндеттi жiктеу шешiмдерiн қабылдау
Тармақ 2.1
2.1. Осы Тәртiпке 1, 2 қосымшаларда аталған, заңды тұлғалардың импорттайтын тауарларына қатысты кедендiк ресiмдеу үшiн жiктеу шешiмдерiн мiндеттi түрде ұсыну талап етiледi: - 1 қосымшадағы тауарлар бойынша СЭҚ ТН-а сәйкес мiндеттi жiктеу шешiмiн Қазақстан Республикасының Кеден комитетi қабылдайды. - 2 қосымшадағы тауарлар бойынша СЭҚ ТН-а сәйкес мiндеттi жiктеу шешiмiн осы тауарды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден басқармалары мен кедендер қабылдайды.
Тармақ 2.2
2.2. Мiндеттi жiктеу шешiмi туралы кедендiк ресiмдеуге дейiн сыртқы саудалық мәмiле жасаған немесе тауарды алушы болып табылатын адамның өтiнiшi бойынша қабылданады. Көрсетiлген адам кедендiк ресiмдеу басталатын болжамды күнге шейiнгi 15 күннен кешiктiрмей алдын ала тиiстi кеден органына жазбаша сұрау салуды жiбередi. Сұрау салу алдын ала жiктеу шешiмiн қабылдауға қажеттi барлық мәлiметтердi қамтуы тиiс. Сұрау салуға сұрау салынатын жiктеу шешiмiнiң сипатына байланысты суреттер, сызбалар, коммерциялық және өзге де құжаттар, сонымен бiрге кез келген басқа мәлiметтер, оның iшiнде тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi қоса тiркелуге тиiс.
Тармақ 2.3
2.3. Мiндеттi жiктеу шешiмiн қабылдауға өтiнiштi барлық талап етiлген мәлiметтер мен құжаттар ұсынылған жағдайда оны алған күннен бастап 10 күн iшiнде тиiстi кеден органы қарайды. Тауар жөнiнде мәлiметтердi анықтау үшiн кеден органының Орталық кеден зертханасына немесе оның құрылымдық бөлiмшелерiне сұрау салуды жүзеге асырған жағдайында Мiндеттi жiктеу шешiмiн қабылдау мерзiмi Өтiнiш алынған күннен бастап 15 күндi құрайды. Жiктеу шешiмiн алдын ала қабылдауға Өтiнiштi қараудың жалпы мерзiмi 15 күннен аспауы керек.
Тармақ 2.4
2.4. Мiндеттi жiктеу шешiмi бiр атаулы тауарға немесе СЭҚ ТН 9-таңбалы тауарлық бiр позиция қосымшасында жiктелiнетiн тауарлар тобына берiледi. Мiндеттi жiктеу шешiмi ресми бланкiсiнде ресiмделiнедi және оған осы шешiмдi берген кеден органының жетекшiсi қол қояды. Жiктеу шешiмiнiң қолданылу мерзiмi - оны берген сәттен бастап 1 жыл.
Тармақ 2.5
2.5. Жiктеу шешiмi екi данада ресiмделiнедi. Бiрiншi данасы өтiнiш берушiге жiберiледi немесе берiледi, екiншi данасы оны берген кеден органында сақталады. Жiктеу шешiмдерiнiң үлгiлiк нысандары 3-қосымшада келтiрiлген.
Тармақ 2.6
2.6. Кеден басқармасы немесе кеденнiң қабылданған жiктеу шешiмiн олардың қызмет аймағында орналасқан барлық құрылымдық бөлiмшелерi орындауға мiндеттi. Келiсiм-шарттың, тасымалдаудың, қозғалысының т.б. шарттары бойынша белгiлi бiр тауарды қою топтамалармен жүзеге асырылатын немесе түрлi кеден органдары жүзеге асыратын жағдайда Мiндеттi жiктеу шешiмiн тауардың алғашқы топтамасын кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден басқармасы немесе кеден қабылдайды, бұл ретте осы келiсiм-шарт бойынша ұқсас тауардың келесi топтамаларын ресiмдеу үшiн осындай шешiм қабылдаған кеден басқармасы мен кеденнiң ресми куәлендiрген шешiмiнiң көшiрмелерiн пайдалануға жол берiледi. Кеден комитетiнiң Кеден кiрiстерi басқармасы қабылдаған жiктеу шешiмiн олардың республиканың барлық кеден органдары орындауға мiндеттi.
Тармақ 2.7
2.7. Жоғары тұрған кеден органы жiктеу шешiмi өтiнiш берушiнiң толық емес немесе жалған ақпараты негiзiнде қабылданса, сондай-ақ СЭҚ ТН-а сәйкес тауарларды жiктеу ережелерi бұзылғандығы анықталған жағдайда төменгi тұрған кеден органы қабылдаған жiктеу шешiмiнiң күшiн жоюға немесе өзгертуге құқылы.
Тармақ 2.8
2.8. Жiктеу шешiмi кедендiк жүк декларациясы және кедендiк ресiмдеуге қажеттi басқа да құжаттармен қоса бiр мезгiлде кеден органына берiледi.
Басқа 25
СЭҚ ТН-а сәйкес тауарларды жiктеу тәртiбiне 1-қосымша Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң мiндеттi жiктеу шешiмiн қабылдайтын тауарлардың тiзбесi СЭҚ ТН бойынша            Тауарлардың қысқаша атауы тауардың коды 1602 10 000-нан           Балалар тамағы үшiн ет, еттiң қосымша өнiмдерiнен немесе қаннан жасалған гомогенизацияланған даяр өнiмдер, орауы 250 г 1901 10 000               Бөлшек саудаға бөлiнiп салынған балалар тамағы 2005 10 000-нан           Балалар тамағы үшiн гомогенизацияланған көкөнiмдер, орауы 250 г 2007 10-нан               Балалар тамағы үшiн гомогенизацияланған даяр көкөнiмдер, орауы 250 г 2104 20 000-нан           Балалар тамағы үшiн азық-түлiктердiң гомогенизацияланған қоспалары, орауы 250 г 9504 90                   Өзге де ойын-сауықтар үшiн бұйымдар
Басқа 26
СЭҚ ТН-а сәйкес тауарларды жiктеу тәртiбiне 2 Қосымша Кеден басқармалары мен кедендердiң мiндеттi жiктеу шешiмiн қабылдайтын тауарларының тiзбесi СЭҚ ТН бойынша            Тауарлардың қысқаша атауы тауардың коды 1515                      Өзге тоң майлар мен өсiмдiк майлары 1701                      Қант құрағы немесе қант қызылшасы (1701 99 100-ден          мен қатты күйдегi химиялық таза басқа)                    сахароза 2204 30                   Өзге жүзiмнiң сусын шараптары 2206 00 930               Ашытылған өзге сусындар 2л не одан аз көлемде 2206 00 990               Ашытылған өзге сусындар 2л-ден көп көлемде 6115 93 100               Тамырдың варикоздық кеңеюiнен зардап шегетiндер үшiн шұлықтар 6211 32 100               Мақтадан жасалған өндiрiстiк және кәсiби киiм 6211 33 100               Химиялық талшықтан жасалған өндiрiстiк және кәсiби киiм 6211 42 100               Фартуктер, комбинезондар, арнайы киiм мен басқа да мақтадан жасалған өндiрiстiк және кәсiби киiм 6211 43 100               Фартуктер, комбинезондар, арнайы киiм мен басқа да химиялық талшықтан жасалған өндiрiстiк және кәсiби киiм 8702-ден                  Медицина мақсатындағы арнайы автомобильдер 8703-ден                  Медицина мақсатындағы арнайы автомобильдер 8705 90 900-ден           Өзге арнайы мақсаттағы автомобильдер 94 01 90 900, 9403 90, 9403 90 100, 9403 90 300, 9403 90 900              Жиhаздың бөлiктерi 9402                     Медициналық жиhаз
Басқа 27
СЭҚ ТН-а сәйкес тауарларды жiктеу тәртiбiне 3 Қосымша Жiктеу шешiмдерiнiң үлгiлiк нысаны (кеден органдарының ресми бланкiлерiне жазылып берiледi) Өтiнiш берушiнiң атауы мен мекен-жайы ________N______ N______________ СЭҚ ТН-а сәйкес тауарларды жiктеу туралы СЭҚ ТН-а сәйкес тауарларды жiктеу мәселесi бойынша Сiздiң өтiнiшiңiздi қарай келiп,______________________________ (кеден органының _______________________ төмендегiнi хабарлайды.
Тармақша атауы
атауы) .............................................................. .............................................................. (СЭҚ ТН-а сәйкес тауарды ұқсастандыруға және жiктеуге ғана мүмкiндiк беретiн оны толық сипаттау. Қажет болатын жағдайда тауарлардың бейнелерi, өлшемдерi, жеке сипаттамалары ж.т.б. бар қосымшаларға сiлтемелер берiледi.) .............................................................. (тауардың нақты атауы көрсетiледi) болып табылады. СЭҚ ТН-ның............................. (9-таңбалық цифрлық код көрсетiледi) тауарлық қосымша позицияға жiктеледi. Кеден органының өкiлеттi адамының лауазымы ________________________Қолы М.О.