«О внесении дополнений в решение районного Маслихата от 22 декабря 2001 года № С-17/3 «Об утверждении размеров стоимости разовых талонов для отдельных видов предпринимательской деятельности» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау аудандық Мәслихатының 2001 жылдың 22 желтоқсанындағы «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған біржолғы талонның құн мөлшерін бекіту туралы» № С-17/3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке міндетті басқадай төлемдер туралы» Кодексінің сәйкес, Ерейментау аудандық Мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ерейментау аудандық Мәслихатының 2001 жылдың 22 желтоқсанындағы «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған біржолғы талонның құн мөлшерін бекіту туралы» № С-17/3 шешіміне (2002 жылдың 17 қаңтарындағы тіркеу нөмірі 909, өзгерістерімен және толықтыруларымен 2002 жылдың 14 маусымындағы № С-20/4, 2002 жылдың 26 маусымындағы тіркеу № 1179; 2002 жылдың 25 желтоқсанындағы № С-25/4, 2003 жылдың 27 қантарындағы тіркеу № 1528; 2004 жылдың 4 маусымындағы № С-7/2 өзгерістерімен және толықтыруларымен, 2004 жылдың 22 маусымындағы тіркеу № 2635) толықтырулар енгізілсін, 1 қосымшасына сәйкес.
Тармақ 2
2. Бұл шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. Келісілді: Ерейментау аудан әкімі Егор Яковлевич Каппель 2006 жылдың «28» сәуір Келісілді Салық комитетінің Ерейментау ауданы бойынша төрағасы Уәлиев Жұмабек Әділбайұлы 2006 жылдың «28» сәуір
Басқа 3
2006 жылдың 28 сәуіріндегі № С -27/5 шешімге қосымша Бір жолғы талондар негізінде малдың жайылымы жеке тұлғаларға арнаулы салық режимінің мөлшерлемесі: № Қызмет түрінің атауы 1 күндік мөлшері 1. Малдың жайылымы 1) 150-га дейін 100 2) 150 және одан да жоғары бас мал 150