О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2002 года N 555 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамның несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 152-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдалану ережесінің 5-тармағында "2002 жылғы 20 желтоқсанға дейін" деген сөздер "қаражатты алған күннен бастап 9 ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының орындалуы жөнінде тиісті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.