О внесении изменении и дополнении в Правила предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 22 мая 2002 года № С-16/2 Қолданыста
Басқа 0
Бұланды аудандық мәслихатының 2002 жылғы 22 мамырдағы №с-16/2 шешімімен бекітілген тұрғын үйлерді ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрмысы төмен азаматтарға көмек беру ережесін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бұланды аудандық мәслихатының 2002 жылғы 22 мамырдағы №С-16/2 шешімімен бекітілген Тұрғын үйлерді ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрмысы төмен азаматтарға көмек беру ережесіне (Әділет департаментінде 2002 жылғы 10 маусымда №1161 тіркелген, кейін:
2005 жылғы 14 қаңтарда №2984 тіркелген, «Бұланды жаршысы газетінің 2005 жылғы 04 ақпандағы №6 санында жарияланған, «Тұрғын үйлерді ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрмысы төмен азаматтарға көмек беру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 22 мамырдағы №с-16/2 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №3С-16/3 шешіммен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ереженің атауындағы және 1-тармақта «тұрмысы төмен» деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) барлық мәтіні бойынша «халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» деген сөздер «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 1-тармақта «тұрғын үй-коммуналдық қызмет» деген сөздерден кейін «және байланыс қызметі» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) 2-тармақта:
«30% асқанда» деген сөздер «15% асқанда» деген сөздермен ауыстырылсын; «Тұрғын үй жәрдемақысының көлемі айына Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің көлемінен аспауға тиіс» деген сөздері алынып тасталсын;
Тармақша 5
5) 10-тармақ алынып тасталсын;
Тармақша 6
6) 12-тармақта:
1-тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«1) отбасының тұрғылық жерін растайтын құжаттың көшірмесі;»; 3-тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«3) жылжымайтын мүліктің тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;»;
Тармақша 7
7) 15-тармақта «Төлем Халық банкі арқылы, аудандық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаржы есебінен, азаматтардың салым шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады. Тұрғын үй жәрдемақысы төлемнің тәртібі мен шарты аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімі мен Халық банкінің арасында тұрғызылған келісіммен айқындалады» деген сөздер «Тағайындалған жәрдемақы алушының жазбаша өтініші бойынша қызмет көрсетушінің шотына аударылады.» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Шешім аудандық газетте ресми жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов
25.09.07 ж.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
Бөлімінің меңгерушісі К.Есмағамбетова
25.09.07 ж.