О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2002 года № 555 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Шағын кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдау шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 152-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "жабық" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесiнде:
тақырыбындағы "жабық" деген сөз алынып тасталсын;
1-тармақта:
"жабық" деген сөз алынып тасталсын;
"081" деген сандар "083" деген сандармен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 5) тармақшасындағы "жылдық 12%" деген сөздердiң алдынан "9%-ды құрайтын және Қор маржасынан 2% құралатын әйел кәсiпкерлiгi желiсi бойынша сыйақы ставкасынан, сондай-ақ Қаржыминiнiң жылдық 7% сыйақы ставкасын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Қаржы министрлiктерi, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы осы қаулыны орындау жөнiндегi тиiстi шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.