О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 22 апреля 2002 года № 89 О правилах оказания социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по частичному возмещению затрат на проживание, питание, возмещению затрат по медицинскому освидетельствованию и на проезд к месту обучения в пределах региона», номер государственной регистрации 1493 Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 22 сәуірдегі № 89 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ережесі туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1493
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 кантардағы Заңының 27 - бабына сәйкес халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 22 сәуірдегі №89 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамактануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ережесі туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1493, "Қостанай таңы" 2002 жылдың 7 шілдесі №47, Костанайские новости" 2002 жылдың 4 маусымы, №82 газеттерінде жарық корген) өзгерістер енгізілсін:
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналган шығынды отеу жөнінде әлеуметтік көмек корсетудің ерсжесінде:
атауында "тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара,..." деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың бірінші абзацында "тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара,..." деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармактың екінші абзацында "үш ай ішінде" деген сөздер бір ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бөлімнің 10-тармағы алынып тасталсын;
13-тармақтың бірінші абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Костанай облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.