О внесении изменений в решение Костанайского районного маслихата от 22 октября 2003 года № 14 "О правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) и Правилах исчисления совокупного дохода" (номер государственной регистрации 2584) Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай аудандық мәслихатының 2003 жылғы 22 қазандағы № 14
"Тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлік көмек көрсету және жиынтық кірістерді есептеу туралы Ережелер" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2584) шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қостанай аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы № 107 "Қостанай аудандық мәслихатының 2003 жылғы 22 қазандағы № 14 "Тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлік көмек көрсету және жиынтық кірістерді есептеу туралы Ережелер" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2584, 2003 жылғы 21 қарашадағы "Көзқарас-Взгляд") шешіміне өзгерістер енгізу туралы" қолдау хатына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 22 қазандағы № 14 шешімінің бірінші қосымшасының 4-тармағы жаңа редакцияда шығарылсын:
"Өтем шараларымен қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативін есептеу приборлары жоқ тұтынушыларға (жылу, сумен, газбен, электр қуаты, кәріз су арнасы, қоқыс шығару, қолданбалы шығыстар) облыс әкімі бекітеді, электроэнергияның қолдану нормасы бір адамға 45 Квт. Егер де ол нормативтер және тарифтер тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға заңды түрде анықталмаған жағдайда, шығындарды өтеу нақты түрдегі шығыстар бойынша жүргізіледі, бірақ бекітілген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативінен артық болмауы керек. Тұтынушылардың есепке алатын шығындары, яғни оны коммуналдық қызметтері есепке алатын аспаптары болса, оның алдындағы тоқсанға немесе соңғы тоқсанға, яғни қызметтер толық деңгейде көрсетілгендіктен есеп аспаптарының көрсеткіші бойынша жүргізіледі, бірақ бекітілген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативінен артық болмауы керек".
Тармақ 2
2. 2003 жылғы 22 қазандағы № 14 "Жиынтық кірістерді есептеу туралы Ережелер" шешімінің 2-қосымшасының 3-бөлімінің 7-абзацындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" сөйлемі шығарылсын.