О внесении изменений в решение Костанайского районного маслихата от 22 октября 2003 года № 14 «О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) и Правилах исчисления совокупного дохода» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай аудандық мәслихатының 2003 жылғы 22 қазандағы № 14 «Тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлік көмек көрсету және жиынтық кірістерді есептеу Ережелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 386 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын және мәслихаттың 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 243 «Қостанай ауданың басқару сызбасы туралы» шешімін орындау үшін мәслихат ШЕШТІ: Қостанай аудандық мәслихатының 2003 жылғы 22 қазандағы № 14 «Тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлік көмек көрсету және жиынтық кірістерді есептеу Ережелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2584, 2003 жылғы 21 қарашадағы № 49 «Қөзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды), бұрын енгізілген өзгерістер 2004 жылдың 19 ақпандағы № 38 «Қостанай аудандық мәслихатының 2003 жылғы 22 қазандағы № 14 «Тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлік көмек көрсету және жиынтық кірістерді есептеу туралы Ережелер» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2584) шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2801, 2004 жылғы 26 наурыздағы № 12 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармактағы «тұрғын үйді ұстау төлемі бойынша» сөзінен кейін «телефонға төленетін абоненттік төлемнің айырмашылығы» сөздерімен толықтырылсын; 2-тармақтағы «осы мақсатқа шығындар» сөзінен кейін «телефонға төленетін абоненттік төлем сомасының өсуімен» сөздерімен толықтырылсын; 10-тармақтағы «аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» уәкілетті орган атауы Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өзгертілсін және «қызмет» сөзінен кейін «егер үміткер аудандық желі телебайланыс жолының абоненті немесе телебайланыс жолының қызметі жайында түбіртек-шоты барын растайтын келісімімен» деген сөздермен толықтырылсын; 14-тармақтағы «азаматтың арызымен келісілген» сөзінен кейін «телефонға төленетін абоненттік төлем көрсеткіштерінің көтерілуіне орай, өтемақы абоненттің жеке шотына аударылады» деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақтағы «тұрғын үйлік көмек» сөзінен кейін «және телефонға төленетін абоненттік төлем көрсеткішерінің көтерілуіне өтемақы» сөздерімен толықтырылсын; 15-тармақтағы «сондай-ақ коммуналдык қызметке тарифтер» сөзінен кейін «және телефонға абоненттік төлем айырмашылығы» сөздерімен толықтырылсын; 17-тармақтағы «осы мақсатка» сөзінен кейін телефонға төленетін абоненттік төлем көрсеткіштерінің көтерілуіне өтемақы есебімен» сөздерімен толықтырылсын; 18-тармақтағы «жергілікті бюджет» сөзінен кейін «ал телефон тарифінің өсуіне өтемакы - облыстық бюджеттен» сөздерімен толықтырылсын; 22-тармақтағы «аудандық қаржы басқармасы» атауы Қостанай ауданы әкімдігінің «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өзгертілсін; 23-тармақтағы «Тұрғын үйлік көмекті алуға үміткер» сөзінен кейін «және телефонға абоненттік тарифтің өсуіне өтемақы» сөздерімен толықтырылсын. Уәкілетті орган «аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» атауы Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өзгертілсін. 7-тармақша келесі мазмұнда толықтырылсын: «үміткер аудандық желі телебайланыс жолының абоненті келісімінің көшірмесін немесе телебайланыс жолының қызметі жайында түбіртек-шоты барын растайтын көшірмесін»; Қостанай аудандық мәслихатының 2003 жылғы 22 қазандағы № 14 «Жиынтық кірістерді есептеу Ережесі» шешіміне 2 қосымшасының 1 тармағының 4 абзацындағы уәкілетті орган атауы «аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өзгертілсін; 4 тармақтағы 2 қосымша «тұрғын үйлік көмекпен қоса» сөзінен кейін «және атаулы» сөзімен толықтырылсын.