О внесении изменения в решение Костанайского городского Маслихата от 22 апреля 2003 года № 239 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи и Правил исчисления совокупного дохода» регистрационный номер 2215 Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен Табыс жиынтығын есептеу ережелерін бекіту туралы», тіркеу нөмірі 2215, шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа алып, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен Табыс жиынтығын есептеу ережелерін бекіту туралы» (тіркеу нөмірі 2215, 2003 жылғы 29 мамырдағы «Қостанай») шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Осы Ереженің 2-тармағындағы «22» саны «25» санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2003 жылғы 01 қарашадан бастап күшіне енеді.