О внесении изменений и дополнений в решение Костанайского городского Маслихата от 22 апреля 2003 года № 239 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи и Правил исчисления совокупного дохода», регистрационный номер 2215 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы» Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, тіркеу нөмірі 2215 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Қостанай қалалық Мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы» Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне (тіркеу нөмірі 2215, 2003 жылғы 29 мамырдағы № 5 «Қостанай» газеті) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) осы ережелердің 1-қосымшасының 4-тармағы мына редакцияда жазылсын: «4. Есеп құралдары жоқ тұтынушыларға арналған өтемдік шаралармен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді (жылу энергиясы, сумен жабдықтау, газ, канализация, электрлік энергия, қоқыс шығару) тұтыну нормативтері облыс әкімімен белгіленеді. Егер, заң белгілеген тәртіппен тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нормативтер мен тарифтер анықталмаса, шығындарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептейтін құралдары бар тұтынушылар үшін есепке қабылданатын шығыстар есеп құралдардың көрсеткіштері негізінде, қызметтер толық көлемінде көрсетілген өткен тоқсандағы немесе соңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша, бірақ есеп құралдары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтер пайдаланудың белгіленген нормалардан астам емес анықталады. Электрлік энергияға төлеу жөніндегі шығындардың өтелуі нақты шығыстар бойынша, бірақ отбасыға 110 киловаттан астам емес жүргізіледі»; 2) 5-тармақта: «жеке тұлғаға» сөздерден кейін «сондай-ақ, тұрғын үй-жайға орналасу құқығына рұқсаты негізінде әйелдер және балаларға арналған бейімделу орталығында тұратын адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 7-тармақта: «азаматтар» сөзден кейін «әйелдер және балаларға арналған бейімделу орталығында тұратын адамдар» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.