О внесении дополнений и изменений в постановление акимата города Петропавловска от 22 января 2003 года № 27 «Об организации оплачиваемых общественных работ» Күшін жойған
Басқа 0
Петропавл қаласы әкімдігінің «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларлар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-ші бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта дайындауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» № 57 қаулысы (2006 жылғы 11 сәурдегі мемлекеттік тіркеу № 1616) негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 27 қаулысына (2003 жылғы 21 ақпандағы мемлекеттік тіркелу № 839, «Добрый вечер» газетінің 2003 жылғы 14 наурыздағы № 11 саны) осы қаулыға енгізілген 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 12 (2004 ж. 17 ақпандағы мемлекеттік тіркелу № 1156; «Добрый вечер» газетінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 11 саны) және 2004 жылғы 19 мамырдағы № 305 (2004 жылғы 18 маусымдағы мемлекеттік тіркелу № 1295; «Добрый вечер» газетінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 37 саны) және 2006 жылғы 7 маусымдағы № 883 (2004 жылғы 13 қаңтардағы мемлекеттік тіркелу № 13-1-33; «Проспект СК» газетінің 2006 жылғы 17 ақпандағы № 7 саны) мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, енбекақы мөлшерлері» № 1 қосымшасында:
Тармақша 1
1) Мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-ші жолмен толықтырылсын: «кәсіпорындардың аталуы» бағаны «4. Көші-қон жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» сөздерімен;
«Ай сайын жұмыс орындары» бағанын «1» санымен;
«Қоғамдық жұмыс түрлері» бағаны «Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі тапсырмалардың орындалуы» сөздерімен;
«Разряд» бағанын «G-17» сөзімен;
«Коэффициент» бағанын «1,10» цифрымен.
Тармақша 2
2) Мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-ші жолмен толықтырылсын:
«Кәсіпорындардың аталуы» бағаны «5. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ» сөздерімен;
«Ай сайын жұмыс орындары» бағанын «5» санымен;
«Қоғамдық жұмыс түрлері» бағанын «Жұмыспен қамту мәселелері бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға қажетті құжаттар жинау үшін көмек көрсету» сөздерімен;
«Разряд» бағаны «G-17» сөзімен;
«Коэффициент» бағанын «1,10» цифрымен.
Тармақша 3
3) «Жиынтығы» жолындағы «Ай сайын жұмыс орындары» бағанындағы «214» саны «220»-ға ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
Келісілді
«Петропавл қаласының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
Ш.Бәшірова
6 маусым 2006 жыл
Келісілді
«Петропавл қаласының
қаржы бөлімі» ММ бастығы
Г.Дорофеева
6 маусым 2006 жыл
Келісілді
«Петропавл қаласының
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
ММ бастығы
В.Мишнев
6 маусым 2006 жыл
Басқа 6. Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі, жұмыстың түрлері, көлемдері, енбекақы мөлшері
Қала әкімдігінің «Ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
2006 ж. «7» маусым № 883
қаулысына
№ 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі, жұмыстың түрлері, көлемдері, енбекақы мөлшері
Кәсіпорындардың аталуы
Ай сайынғы жұмыс орны
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Разряды
Коэффициенті
1. «Коммунхоз» коммуналдық мемлекеттік еншілес кәсіпорны
180 адам
Қала аумағын жинау; аумақтарды көгалдандыру ж/е абаттандыру; мұзды қалашықтарды тұрғызуда қосымша жұмыстарды орындау; ағымдағы жолдарды жөндеу жұмыстары (ойпаң жерлерді құммен толтыру, кювет қазу, ағын канализацияларын қоқыстардан тазарту т.б.)
Аймақтық қоғамдық науқандарға қатысу (қоғамдық пікірлерге сауалнама жүргізу, халық санағына қатысу, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеу).
II
III
III
III
G-17
1,09
1,14
1,14
1,14
1,10
2. Солтүстік Қазақстан облысының ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы
14 адам
Есірткіні қабылдау және тарату орындарында, сенім пункттерінде жұмыс
G-17
1,10
3. Солтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінің Петропавл қалалық әділет басқармасы
20 адам
Халықты тұрғылықты жері бойынша құжаттандыруға және тіркеуге техникалық қызмет көрсету
G-17
1,10
4. Көші-қон жөніндегі комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы
1 адам
Оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша тапсырмалардың орындалуы
G-17
1,10
5. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
5 адам
Жұмыспен қамту мәселелері бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттар жинауға көмек көрсету
G-17
1,10
Жиынтығы
220