О внесении дополнений и изменений в постановление акимата города Петропавловска от 22 января 2003 года № 27 «Об организации оплачиваемых общественных работ» Қолданыста
Басқа 0
Петропавл қаласы әкімдігінің «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларлар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-ші бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайыдығын, біліктілігін арттыру және қайта дайындауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» № 57 қаулысының 7 тармағының 21 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 27 қаулысына (2003 жылғы 21 ақпандағы мемлекеттік тіркелу № 839, «Добрый вечер» газетінің 2003 жылғы 14 наурыздағы № 11 саны) осы қаулыға енгізілген 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 12 (2004 ж. 17 ақпандағы мемлекеттік тіркелу № 1156; «Добрый вечер» газетінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 11 саны), 2004 жылғы 19 мамырдағы № 305 (2004 жылғы 18 маусымдағы мемлекеттік тіркелу № 1295; «Добрый вечер» газетінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 37 саны) және 2006 жылғы 7 маусымдағы № 883 (2004 жылғы 13 қаңтардағы мемлекеттік тіркелу № 13-1-33; «Проспект СК» газетінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 26 саны) өзгертулерімен, мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, енбекақы мөлшерлері» № 1 қосымшасында:
Тармақша 1
1) Реттік нөмірі 5-ші жолдағы «Ай сайын жұмыс орындары» бағанындағы «5» саны «25» санымен ауыстырылсын;
«Қоғамдық жұмыс түрлері» бағанына «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша республикалық және аумақтық қоғамдық компанияларды және статистикалық тексеру жүргізуге қатысу» сөздері қосылсын;
Тармақша 2
2) Мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-шы жол:
«Кәсіпорындардың аталуы» бағаны «9. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі сөздерімен;
«Ай сайын жұмыс орындары» бағаны «2» санымен;
«Қоғамдық жұмыс түрлері» бағаны «Құжаттарды сақтауға дайындауға және өндеуге көмек көрсету» сөздерімен;
«Разряд» бағаны «G-17» сөзімен;
«Коэффициент» бағанын «1,10» санымен толықтырылсын.
Тармақша 3
3) «Ай сайынғы жұмыс орындары» бағанындағы «Жиынтығы» жолындағы «263» саны «285» санымен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Қ.Қәрібаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Петропавл қаласының Әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Келісілді
«Петропавл қаласының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
Ш.Бәшірова
19 шілде 2006 жыл
Келісілді
«Петропавл қаласының
қаржы бөлімі» ММ бастығы
Г.Дорофеева
19 шілде 2006 жыл
Келісілді
«Петропавл қаласының
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
ММ бастығы
В.Мишнев
19 шілде 2006 жыл
Басқа 7. Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі, жұмыстың түрлері, көлемдері, енбекақы мөлшері
Қала әкімдігінің
2006 ж. «21» шілде
«Ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы» № 1036
қаулысына
№ 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі, жұмыстың түрлері, көлемдері, енбекақы мөлшері
Кәсіпорындардың аталуы
Ай сайынғы жұмыс орны
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Разряды
Коэффициенті
1. «Коммунхоз»
еншілес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
180 адам
Қала аумақтарын тазарту; аумақтарды көгалдандыру және көркейту; мұз қалашықтарын салу барысында қосалқы жұмыстарды орындау; ағымдағы жолдарды жөндеу (шұңқырлар мен ойықтарды қолда бар материалдармен жабу, кювет қазу, ағынды су канализациясын қоқыстардан тазарту т.с.с.)
Аймақтық қоғамдық науқандарға (қоғамдық ой-пікірлеріне сауалнама жүргізу, халық санағы, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша статистикалық зерттеуге қатысу).
II
III
III
G-17
G-17
1,09
1,14
1,14
1,10
1,10
2. СПИД-тің алдын алу және күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан орталығы
14 адам
Есірткіні заттар тарату және пайдаланулың болжамалы жерлеріндегі, сенім пункттерінде жұмыс
G-17
1,10
3. Солтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінің Петропавл қалалық әділет басқармасы
20 адам
Халықты құжаттандыруда және тұрғылықты жері бойынша тіркеуде техникалық қызмет көрсету
G-17
1,10
4. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетті басқармасы
1 адам
Оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша тапсырыстарды орындау
G-17
1,10
5. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
25 адам
Жұмыспен қамтуға 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға қажетті құжаттар жинауға көмек көрсету.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарға, статистикалық зерттеуге қатысу
G-17
1,10
6. «Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
30 адам
Саяжай учаскелерін жазу және тізімдерін құру
G-17
1,10
7. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты
8 адам
Ескертке хаттарды жеткізуге көмек көрсету
G-17
1,10
8. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» ММ
5 адам
Иесіз жылжымайтын мүлікті айқындауда көмек көрсету
III
1,14
9. «Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты» ММ
2 адам
Құжаттарды өндеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету
G-17
1,10
Жиынтығы
285