О внесении изменений в постановление акимата от 22 апреля 2003 года № 94 «О закреплении рыбохозяйственных водоемов Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімияттың 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 94
«Қостанай облысының балық шаруашылығы
су тоғандарын бекітіп беру туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9, 10, 30-баптарына сәйкес балық қорын пайдалану мақсатында және «Қостаанй облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Солтүстік аймақтық балық инспекциясының басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қорытындысын негізінде Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 94 «Қостанай облысының балық шаруашылығы су тоғандарын бекітіп беру туралы» қаулысына, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2213 (2003 жылғы 16 мамырдағы № 54 «Қостанай таңы»), (Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 8 шілдедегі № 172 «Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 94 «Қостанай облысының балық шаруашылығы су айдындарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3067 қаулысымен өзгерістер енгізілген), өзгерістер енгізілген:
3-абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік аймақтық балық инспекциясының басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңдарға сәйкес балық шаруашылығы су тоғандарын қайта бекітіп беру жөнінде ұсыныстар енгізу ұсынылсын.