О внесении изменении и дополнения в решение Есильского районного маслихата от 22 декабря 2004 года № 13/6 «Об утверждений Правил осуществления социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» Қолданыста
Басқа 0
Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы № 13/6 «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін» бекіту туралы шешіміне өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы №13/6 шешімімен бекітілген «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесіне” (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 25 қаңтар 2005 жылы 3000 нөмірімен тіркелген, 14 ақпан 2005 жылы аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған), келесі өзгертулері мен толықтыруларымен 12 желтоқсан 2007 жылғы №5/5 Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы №13/6 «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 30 қаңтар 2008 жылы 1-11-78 нөмірімен тіркелген, 11 ақпан 2008 жылы аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 7-8 нөмірінде жарияланған) өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:
2 тараудың 4 тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын: «Белгілі жағдайда шұғыл әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтардың жеке категорияларының көмек алуға құқы бар. Жеңілдік категориясына жататын азаматтарға әлеуметтік көмек мерекелік атаулы күндерге қарсы төленеді»;
4 тараудың 9 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: « Әлеуметтік төлем алуды талап етуші тұлға аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі: жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, жеке шотының нөмірі;
әлеуметтік көмекті қажет ететіндігін анықтайтын құжат:
Ұлы Отан соғысына қатысқандар және туберкулезбен ауыратындар үшін - дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы,
азаматтардың жеке категориялары үшін - от басын тексеру актісі, мүгедектер үшін-от басын тексеру актісі немесе сауықтырудың жеке бағдарламасы;
тұрақты мекенжайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
4 тараудың 10 тармағындағы «төлем жүзеге асырылады» деген сөзден кейін «комиссияның шешіміне сәйкес» сөзімен толықтырылсын;
5 тараудың 14 тармағындағы «Халық банкі және пошта бөлімшелерінде» деген сөз алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы, Есіл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны бірінші рет ресми жариялаған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі С.Ерин
«12» қараша 2008 жыл
Ауданның жұмыстылық және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы В.Чернецкая
«12» қараша 2008 жыл