О внесении дополнении в постановление акимата Акмолинской области от 22 апреля 2004 года № А-4/102 «О комиссии при акимате Акмолинской области по выдаче разрешений на привлечение иностранной рабочей силы», зарегистрированного в Департаменте юстиций Акмолинской области от 14 мая 2004 года № 2517 Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 22 сәуірдегі № А-4/102 «Акмола облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі комиссия туралы», Ақмола облысының әділеттік департаментінде 2001 жылдың 14 мамырында № 2517 тіркелген қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен камту туралы» Заңын орындау шаралары туралы» қаулысына сәйкес Акмола облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 22 сәуірдегі № А-4/102 «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі комиссия туралы» (Ақмола облысының әділеттік департаментінде 2001 жылдың 14 мамырында № 2517 тіркелген, 2004 жылдың 1 маусымында «Арқа ажары», 2004 жылдың 8 маусымында «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) келесі Мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1. Облыс әкімінің орынбасары Наймушина Ольга Вадимовнаға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарға Ақмола облысы әкімдігінің атынан, Өкілетті орган ретінде, кол қою құқығы берілсін.
4-1. Осы қаулы күші 2004 жылдың 14 мамырынан пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады».
Тармақ 2
2. Осы қаулы Акмола облыстық әділет дспартаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және мезгілдік баспаларда жариялануға тиіс.