О внесении изменений в решение от 22 июля 2004 года № 67 «О регламенте Тарановского районного маслихата» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Таран аудандық мәслихатының регламенті туралы» 2004 жылғы 22 шілдедегі № 67 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 бабы 3 тармағының 5) тармақшасына сәйкес Таран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Таран аудандық мәслихатының «Таран аудандық мәслихатының регламенті туралы» 2004 жылғы 22 шілдедегі № 67 шешіміне өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тізіліміндегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің нөмірі 3098, 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 15 «Шамшырақ»), бұдан бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: «Таран аудандық мәслихатының регламенті туралы» 2004 жылғы 22 шілдедегі № 67 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихаттың 2005 жылғы 15 шілдедегі № 40 шешімімен (мемлекеттік тізіліміндегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің нөмірі 9-18-9, 2005 жылғы 5 тамыздағы № 31 «Шамшырақ»), «Таран аудандық мәслихатының регламенті туралы» Таран аудандық мәслихатының 2004 жылғы 22 шілдедегі № 67 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 10 наурыздағы № 18 шешімімен (мемлекеттік тізіліміндегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің нөмірі 9-18-23, 2006 жылғы 30 наурыздағы № 13 «Шамшырақ»): 1) Регламенттің 55 тармағындағы бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Мәслихат, аудандық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу үшін, өз құзыреті мерзімінің шеңберінде, мемлекеттік қаржылық бақылау органына жататын тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің саны мәслихатпен анықталады. Тексеру комиссиясының төрағасы (бұдан әрі мәтін бойынша төраға) депутаттар ішінен мәслихатпен сайланады». 2) 31 тармақша мынадай редакцияда жазылсын: мәслихаттың шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін, жауапты орындаушылар мен бақылау мерзімі көрсетілген, мәслихат хатшысының өкімі шығарылады. Бақылау іс-шаралары жөніндегі өкім қатал есептегі бланктерде рәсімделеді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің аумақтық органдарында тіркелуге тиіс. Бақылаулық іс-шаралары жөніндегі өкім тексеретін мекеменің басшысына тексеру жүргізетін күннің басында тапсырылады.
Тармақ 2
2. Осы шешім Таран ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге алынған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.