О внесении дополнений и изменений в совместный приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 22 июня 2004 года № 94 и Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 17 мая 2004 года № 101-п "Об утверждении Инструкции по планированию мероприятий по реализации бюджетных программ в сфере информатизации" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларын жоспарлау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 22 маусымдағы № 94, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 17 мамырдағы № 101-б біріккен бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. "Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларын жоспарлау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 22 маусымдағы N 94, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 17 мамырдағы N 101-б біріккен бұйрығына (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелімінің тізімінде N 2935 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларын жоспарлау жөніндегі Нұсқаулықта: 2-тармақта "құрастырған" деген сөзден кейін "және ұсынған" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақта: "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік органдарды" деген сөздермен толықтырылсын; "мемлекеттік органдардың" деген сөздерден кейін "мемлекеттік мекемелердің бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тараудың атауындағы "қарау" деген сөз "ұсыну" деген сөзбен ауыстырылсын; 19-тармақтағы бесінші абзац мынадай сөздермен толықтырылсын: "мемлекеттік органдардың деректерін ақпараттық жүйелер мен желіде беру"; 6, 21, 22-тармақтарда "ақпараттық инвестициялық жоба", "ақпараттық инвестициялық жобалар" және "ақпараттық инвестициялық жобалардың" деген сөздер "ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жоба", "ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар", "ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 30-тармақта "Ақпараттық жобаларды құруымен байланысты іс-шаралар бойынша шығыстарды есептесу үшін 03а , 03б , 04а , 05а-АТ нысаны (5-7, 9 қосымшалар) арналған" деген сөздер "Инвестициялық жобаларды құруымен байланысты іс-шаралар бойынша шығыстарды есептесу үшін 03а , 03б , 04а , 05а-АТ , 07а-АТ , нысаны (5-7, 9, 13 қосымшалар) арналған." деген сөздермен ауыстырылсын; 38-тармақта "Құру бойынша қызметтерді көтере сатып алуға арналған шығыстар және ақпараттық жүйелерді дамыту 452 ерекшелік бойынша жоспарлануда, ендіру, жүйелердің таралымы және мамандарды оқыту 149 ерекшелік бойынша жоспарланады" деген сөздер алынып тасталсын. Нұсқаулықтың барлық мәтінінде "ағымдағы бюджеттік бағдарламалар", "бюджеттік бағдарламаларды дамыту", "ақпараттандыру жөніндегі" деген сөздер "ақпараттандыру саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-қосымшада реттік нөмірі 4-жолда 3-бағандағы "452" саны "149" санымен ауыстырылсын; 2-қосымшада реттік нөмірі 3-жолда 3-бағандағы "452" саны "149" санымен ауыстырылсын; 5-қосымшада 9-бағандағы "145,0" саны, 12-бағандағы сандар "150,0", 15-бағандағы "155,0" сандары алынып тасталсын; 9-қосымшада 3, 6, 9, 12, 15-бағандардағы "әзірлеу, дамыту (арн. 452)" деген сөздер "әзірлеу, дамыту (арн. 149)" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-8, 11-13, 14-қосымшалардағы "161,0", "166,5", "170,9" деген сандар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің Ақпараттандыру және заң қызметі департаменті (Ә.С.Жайлаубаева) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Б.Т.Сұлтановқа және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Қ.Б.Есекеевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.