О внесении изменений и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 22 декабря 2004 года №13/6 «Об утверждении Правил осуществления социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы №13/6 «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасын негізге ала отырып,Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы №13/6 шешімімен бекітілген (Ақмола облысы әділет Департаментінде 2005 жылдың 20 қаңдарында 3000 нөмірімен тіркелген,2005 жылдың 14 ақпанында аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 8-9 нөмірінде жарияланған) «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережелеріне» келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: 2 параграфтың 5 тармағына: үшінші абзацтағы «15000 мың теңге» деген сөз «оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес» деген сөзбен ауыстырылсын; төртінші абзацтағы «6000 тенге» алынып тасталсын;бесінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын: «Мүгедектерге медициналық мекемелерге бару үшін материалдық көмек»; алтыншы абзац алынып тасталсын; жетінші абзацтағы «1000 теңге» сөзі алынып тасталсын; келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «жас мамандардың орналасуына материалдық көмек»; «80,90,100 жас және одан да көп мерей тойларына материалдық көмек»; 4 параграфтағы: 11 тармақта: бірінші абзацтағы «соғысқа қатынасқан әйелдерге» «мүгедек балалары бар әйелдерге,тылда еңбек еткен әйелдерге», «1000 теңге» сөздері алынып тасталсын; екінші абзацтағы «500 теңге» сөзі алынып тасталсын; үшінші абзацтағы «5000 теңге» сөзі алынып тасталсын; төртінші абзацтағы «2000 теңге» сөзі алынып тасталсын; бесінші абзацтағы «1000 теңге» сөзі алынып тасталсын; алтыншы абзац келесі редакцияда мазмұндалсын: «Қарттар күніне-ұйымы жоқ зейнеткерлерге»; жетінші абзацтағы «500 теңге» сөзі алынып тасталсын; келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне-ақталған азаматтарға; Балаларды қорғау күніне-мүмкіндігі шектеулі балаларға»; 12 тармақта: «Көмектің ең жоғары мөлшері 5000 теңгеден аспауы керек» сөзі алынып тасталсын; «15000 теңге» сөзі «100000 теңге» сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Есіл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми түрде жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының міндетін атқарушы В.Чернецкая «12» желтоқсан 2007 жыл.