О внесении дополнения в Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 22 декабря 2005 года N 69 "Об утверждении Инструкции по учету проверок деятельности государственных учреждений" Күшін жойған
Басқа 0
"Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 Бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Атқару өндірісінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, атқару өндірісі органдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4, 4-1-тармақтарын басшылыққа алып,
БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруді есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 Бұйрығына (әрі қарай - Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3999 санымен тіркелген, "Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 Бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 20 қарашадағы N 68 Бұйрығы Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4473 санымен тіркелген), келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықта:
5-тармақтың 4-тармақшасында "қылмыстық ізге түсу органдарында тергеу және анықтау, жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында" деген сөзден кейін "және атқару өндірісінде" деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Бұйрықты басшылыққа алуға және орындау үшін Бас әскери прокурорға, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға, Бас прокуратураның жанындағы С.Есқараев атындағы Институтқа, Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетіне жолдансын.
Тармақ 3
3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енеді.