О внесении изменений в постановление акимата города от 22 июня 2005 года № 603 "Об утверждении Положения о комиссии по предоставлению земельных участков в собственность или землепользование в городе Петропавловске" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Петропавл қаласында жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы» қала әкімдігінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 603 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Казақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 43 бабының 3 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздагы № 213 Заңының 28 бабына сәйкес, СҚО Әділет департаментінің 2007 жылғы 26 ақпандағы №04-06-5139 хаты, прокурордың 2007 жылғы 27 ақпандағы №07-23-07 наразылығы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Петропавл қаласында жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы» қала әкімдігінің 2005 жылгы 22 маусымдагы №603 қаулысына (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әділет басқармасымен 2005 жылы 03 тамызда №13-1-15 тіркелген ) мынадай өзгерістер енгізілсін: 9 тармақтағы 2,3 тармақшалар алынып тасталсын; «Комиссия материалдарын қарау тәртібі» деп аталатын 4 тараудың 22 -тармағындағы «Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш түскен сәттен бастап үш айға дейінгі мерзімде қаралады» сөйлемі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді. Келісілді: «Петропавл қ. жер қатынастары бөлімі» ММ бастығы ______________ Бимендина Г.А.