О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тізбесінде: «1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 76-жол мынадай редакцияда жазылсын: «76. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Жамбыл ауданының полиция басқармасы.»; реттік нөмірі 86-жол мынадай редакцияда жазылсын: «86. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Жылыой ауданының полиция басқармасы.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.