О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 313-1) тармақшамен толықтырылсын: «313-1) ішкі істер органдарының ақпараттық жүйелерімен, мобильді қосымшаларымен және мобильді сервистерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.