О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: 15-тармақта: мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын: «58-1) электр самокаттарды жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің электр самокатты есепке алуды жүргізу және оған тіркеу нөмірін беру тәртібін, сондай-ақ оның нысаны мен үлгісін әзірлейді және бекітеді;»; 64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «64) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібін, нысандарын және түрлерін әзірлейді және бекітеді;»; 65) тармақша алып тасталсын; 308) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «308) ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2026 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.