О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2005 года № 771 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 771 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 771 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 409-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттік шекара сызығы маусымдық (тасқындық) өзгерістерге түсетін өзеннің су ағысы бойымен өтетін жағдайда Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен шекараларда Мемлекеттік шекара сызығына тікелей түйісетін жер учаскелеріне қосымша - ені 30-дан 50 метрге дейін түпкі жағаға (өзен алабына түйісетін және оның үстінен көтерілетін өзенаралық су айырық кеңістігінің бір бөлігі) жапсарлас жатқан жер телімдері.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.