Аудан әкімдігінің 22 маусым 2006 жылғы «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету туралы» № 159 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 22 маусым 2006 жылғы «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету туралы» № 159 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 22 маусым 2006 жылғы «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету туралы» № 159 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №7-8-25 27.07.2006 жылы тіркелген, 2006 жылдың 7 тамызында «Ауыл айнасы» газетінде № 33 санымен жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармағымен бекітілген комиссия құрамынан Абдулов Айдарбек Нұрбапаұлы, Сұлтанов Руслан Әлімұлы шығарылып, олардың орнына Адаялиева Ұлданай Қибатоллақызы /келісім бойынша/ мен Керешев Айбек Асылбекұлы енгізілсін;
Тармақша 2
2) 2 тармақтың 3 тармақшасында «тасқын су зардабын шеккен» деген сөздерден кейін «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы Казталов аудандық филиалдарының жылжымайтын мүлікке техникалық құжаттары болған» деп толықтырылсың;
Тармақша 3
3) 4 тармағында «әлеуметтік төлемдерді төлеу» деген сөздерден кейін «тиісті құжаттарды жинақтау және өтініш иелеріне жауап беру» деп толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Садбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы баспасөзде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.