О внесении изменений в постановление от 22 февраля 2006 года № 175 "Об утверждении Инструкции назначения и выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому" Күшін жойған
Басқа 0
"Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығын бекіту туралы" 2006 жылғы 22 ақпандағы № 175 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-11 11-бабының 2-тармағы 3) тармақшасын, 16-бабын, 29-бабының 6-тармағын, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-11 Заңының 11-бабының 1-тармағын орындау және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес мүгедек балалары бар ата–аналарға оларды тәрбиелеу мен оқытуға көмек беру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығын бекіту туралы» 2006 жылғы 22 ақпандағы №175 қаулыға (нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-30 тіркелген, 2006 жылдың 13 сәуірдегі «Семей таңы» газетінде, 2006 жылдың 13 сәуірдегі «Семипалатинские вести» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Материалдық қамсыздандыру ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалып төленеді.»;
«Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығы» 2- бөлімде деген 11-абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.