О внесений изменения и дополнения в постановление акимата города Шымкента от 22 декабря 2006 года № 345 "О подготовке и проведении приписки граждан мужского пола 1990 года рождения к призывному участку управления по делам обороны города Шымкента январе-марте месяце 2007 года" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы "2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеуге алу және оның дайындығы туралы" № 345 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қалалық әкімдігінің 22.12.2006 жылғы "2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеуге алу және оның дайындығы туралы" N 345 қаулысына (Шымкент қаласының әділет басқармасында N 14-1-45 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 9 қаңтарда N 3 "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 2 тармағында "Сыздыкова Алтынай Жұмабекқызы - облыстық клиникалық балалар ауруханасының медициналық бикесі, комиссия хатшысы" сөздері "Шевченко Наталья Владимировна- облыстық клиникалық балалар ауруханасының медициналық бикесі, комиссия хатшысы" деген сөздерімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жаңа абзац пен толықтырылсын: "Баймаханова Айгүл Сәрсенбайқызы - облыстық клиникалық балалар ауруханасының медициналық бикесі".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының басшысы К.Қадырбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы тіркелген кезден бастап қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛДІ": Дудник Вячеслав Юрьевич Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры Бердібеков Уәлихан Әбдіқадырұлы, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Сұлтан Бектөре Жеңісұлы Шымкент қаласының Еңбекші аудандық ІІБ-ның бастығы Әбдіраманов Қалықұл Рахматуллаұлы Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ-ның бастығы Оразалиев Мәлік Молыбайұлы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық ІІБ-ның бастығы