О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2006 года № 390 «О городском бюджете города Рудного на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 390 «Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 80 және 116-баптарына сәйкес, сондай-ақ Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Рудный қалалық мәслихатының карауына Рудный қалалық мәслихатының "Мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 390 «Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын енгізу туралы» қаулысын қарап, мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 390 «Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-68, 2007 жылғы 12 қаңтарда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде 3 нөмірмен жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 5 087 440 мың теңге, оның ішінде: салық түсімдері - 4 932 814 мың теңге; салықсыз түсімдер - 5 393 мың теңге; негізгі капиталды сатқаннан түскен түсімдер - 66 304 мың теңге; трансферттерден түсетін түсімдер - 82 929 мың теңге; 2) шығындар - 6 067 584 мың теңге; 3) операциялық сальдо (теріс) - 980 144 мың теңге; 4) таза бюджеттік несиелер - 0 мың теңге; 5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 31 500 мың теңге; 6) бюджет профициті (теріс) - 1 011 644 мың теңге; 7) бюджет профицитін пайдалану - 1 011 644 мың теңге оның ішінде: заемдарды өтеу - 159 095 мың теңге; 8) бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы - 1 170 739 мың тенге»; жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген 1, 2, 4-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Рудный қаласының 2007 жылғы арналған қалалық бюджеті
Мәслихаттың 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 407 шешімінің 1-қосымша Рудный қаласының 2007 жылғы арналған қалалық бюджеті
Басқа 4. 2007 жылғы қалалық бюджеті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Мәслихаттың 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 407 шешімінің 2-қосымша 2007 жылғы қалалық бюджеті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Басқа 5. 2007 жылғы Горняцк поселкесінің бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Мәслихаттың 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 407 шешімінің 4-қосымша 2007 жылғы Горняцк поселкесінің бюджеттік бағдарламалар тізбесі