О внесении изменеиий в решение маслихата от 22 декабря 2006 года № 390 «О городском бюджете города Рудного на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 390 «Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 80 және 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, сондай-ақ Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 шілдедегі № 880 «Рудный қалалық мәслихатының қарауына Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 390 «Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын енгізу туралы» қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 390 «Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-68, 2007 жылғы 12 қаңтарда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде 3 нөмірмен жарияланған, мәслихаттың 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 407 «Мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 390 «Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-72, 2007 жылғы 9 ақпанда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде 11-12 нөмірмен жарияланған) шешімімен, мәслихаттың 2007 жылғы мамырдағы № 441 «Мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 390 Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-82, 2007 жылғы 8маусымда «Рудненский рабочий» газетінде 43-44 нөмірмен жарияланған) шешімімен өзгерістер енгізілді) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакңияда жазылсын:
«1. Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті 1-косымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5428434 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 5 246 492 мың теңге;
салықты емес түсімдер - 3 867 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 84 152 мың теңге;
трансферттерден түсетін түсімдер - 93 923 мың теңге;
2) шығындар - 6 378 578 мың теңге;
3) операциялық сальдо (теріс) - 950 144мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелеу – 0 мың теңге;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 61 500 мың теңге;
6) бюджет профиңиті (теріс) - 1 011 644 мың теңге;
7) бюджет профиңитін пайдалану - 1 011 644 мың теңге, оның ішінде: земдарды өтеу - 159 095 мың теңге;
8) бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы - 1 170 739 мың теңге»;
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген 1, 2 қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 каңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3