О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 2007 года N 136 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 ақпандағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "2006-2007 жылдардың жылыту маусымында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіруші ұйым үшін отын беру жөніндегі шығындарды өтеудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 ақпандағы N 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 5, 66-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыптағы және 1-тармақтағы "жылыту маусымында" деген сөздер "кезеңінде" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген 2006-2007 жылдардың жылыту маусымында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіруші ұйым үшін отын беру жөніндегі шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесінде: тақырыбында "жылыту маусымында" деген сөздер "кезеңінде" деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақта: "және 2007 жылғы қаңтар - мамыр" деген сөздер алынып тасталсын; ", 2007 жылғы қаңтар - мамыр" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.