О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 22 ноября 2007 года № 1585 «Об организации оплачиваемых общественных работ в 2008 году» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы
№ 1585 «2008 жылы ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1585 «2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-23, 2007 жылғы 4 қаңтарда «Рудненский рабочий» газетінде № 1 болып жарияланды) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыссыздар үшін жұмыс ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемі:
3-тармақта «Жұмыстардың көлемі» атты 4-бағанда «1250» саны «2000» санымен ауыстырылсын;
мына мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
12
«Қазақстан Республикасы тұрғындарды еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қостанай облыстық филиалы» филиалы
Әртүрлі құжаттарды өндеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету
375
адамкүн
Тармақ 2
2. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.