О внесении изменений в постановление акимата от 22 ноября 2007 года № 1585 «Об организации оплачиваемых общественных работ в 2008 году» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1585 «2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу турлы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1585 «2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-93, 2007 жылғы 4 қаңтарда «Рудненский рабочий» газетінде № 1 болып жарияданды, Рудный қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 59 «Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1585 «2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-100, 2008 жылғы 26 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде № 22 болып жарияланды) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыссыздар үшін жұмыс ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесінде, қоғамдық жұмыстардың түрлерінде және көлемінде: 8-тармақта: «Жұмыс түрлері» атты 3-баған мына редакцияда жазылсын: «Рудный қаласы көшелерінің көлік жүретін бөлігіндегі жағалай жиектастарды жүйелі түрде қомен тазалау»; «Жұмыс көлемі» атты 4-баған мына редакцияда жазылсын: «84,4 километр».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.